Таяуда БАҚ-та Қазақстанда атом электр станциясын салуға тендер жарияланғаны және Оңтүстік Кореяның компаниясы өтінім бергені туралы ақпарат пайда болды. Өз кезегінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таяуда БАҚ-та Қазақстанда атом электр станциясын салуға тендер жарияланғаны және Оңтүстік Кореяның компаниясы өтінім бергені туралы ақпарат пайда болды. Өз кезегінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қор өкілдері АЭС салу тендерін жарияланбағанын атап өтті.
"Біз бұл материалды оңтүстік кореялық басылымда оқыдық және таңғалдық. "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры Алмасадам Сәтқалиев 3-4 маусымда атом энергетикасы секторында жұмыс тәжірибесі бар оңтүстіккореялық компаниялар өкілдерінің делегациясымен кездескені рас. Алайда бұл кездесу таныстыру сипатында болды. Бұл күрделі мәселені шешудегі қалыпты процесс. Атом электр станциясын салуға ешқандай тендер жарияланған жоқ. Бұған ашық қолжетімді интернет-ресурстарымыздың тиісті бөлімдерін зерделеп, көз жеткізуге болады", - деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры Сергей Куянов.
Сондай-ақ, ұлттық компанияда АЭС құрылысы бойынша шешім талқылау үстінде екенін жеткізді.
"Біздің елімізде АЭС құрылысының келешегі туралы мәселе ара-тұра көтеріліп жатыр, оған оңтүстікте күш қуат дефициті себепші. Бұл объективті мәселе. Өздеріңіз білетіндей, осы тапсырманы шешудің әртүрлі нұсқалары талқыланып жатыр. "Самұрық-Қазына" қорында қазір тек корей технологиялары ғана емес, нарықта бар технологияларды зерделеп жатыр. АҚШ, Ресей Федерациясы, Франция, ҚХР компанияларынан шешімдер бар. Айта кетейін, АЭС құрылысы және тендер туралы ешқандай шешім жоқ", - деді Сергей Куянов.