АЭС салынғаннан кейін тұрғындар көшіріле ме? Энергетика министрінің жауабы

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АЭС салынғаннан кейін тұрғындар көшіріле ме? Энергетика министрінің жауабы Сурет: elements.envato.com

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атом электр станциясы маңында өмір сүргісі келмейтін азаматтарға арналған қоныс аудару бағдарламасы бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атом электр станциясы маңында өмір сүргісі келмейтін азаматтарға арналған қоныс аудару бағдарламасы бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет тарапынан АЭС салынатын қалалар мен ауылдардың тұрғындары үшін қандай да бір қоныс аудару бағдарламасы қарастырыла ма? Мысалы, Курчатовта немесе Үлкен кентінде? Егер қала немесе ауыл тұрғындары АЭС маңында тұруға қорықса, басқа аудандарға көшуге көмек көрсетіле ме" - деп сұрады журналист министрден ОКҚ брифингінде.

Мырзағалиев станцияны салу және пайдалану кезінде тұрғындар қажет екенін айтты.

"Әрине, тұрғындар сол жердегі жағдайға байланысты өмір сүреді. Сонымен қатар, біреу осы ауылдан көшкісі келуі мүмкін, керісінше біреу ауылға көшкісі келеді. Бұл инфрақұрылым - жаңа сала, жаңа өндіріс, қала құрайтын кәсіпорын", - деді министр.

Сонымен қатар, Мырзағалиев АЭС құрылысы өңірде жаңа мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеді.

"Бірақ қандай жеке жағдайда деген мәселені 10 жылдан кейін ғана талқылайтын шығармыз... Өмір сүрейік, көрейік, жағдайдың қандай болатынын бақылайық. Кейбір жекелеген үйлерді көшіру бойынша белгілі бір мемлекеттік бағдарлама бола ма? Бұл үшін әлі жеткілікті уақыт бар", - деді ол.

Бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев АЭС салынуы мүмкін деген тағы бір орынды атаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети