Ағаш құлап кеткен ҚазҰУ студентіне ота жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағаш құлап кеткен ҚазҰУ студентіне ота жасалды © Тengrinews.kz

Алматыда ағаш құлап кеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентіне ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ағаш құлап кеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентіне ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәрігерлер консилиумы жиналды. Басындағы қанды ісікті алып тастау үшін ота жасалды. Ота ойдағыдай жасалып, қыз ауруханадан үйіне шығарылды", - деді 7-ші қалалық аурухананың баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, зардап шеккен қыздың тәтесі, қыз өзін жақсы сезінетінін және ешкімге наразылығы жоқ екенін айтқан. "7 қазанда ол ауруханадан шығарылған. Оның соттасатын ойы жоқ. Барлығы өз орнымен", - деді ол.

Еске салайық, 2016 жылдың 8 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маңында 18 жастағы қызға ағаш құлап кеткені хабарланған болатын. Мөлдір Ержанова университеттен шығып, аялдама жаққа қарай жүрген, осы сәтте оның үстіне ағаш құлап кеткен еді. Студент қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети