12 мамыр 2018 12:31

Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды - Ұлттық бюро

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бергей Рысқалиев. © pm.kz Бергей Рысқалиев. © pm.kz

Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық бюроның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық бюроның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Б.С.Рысқалиев құрып, басқарған қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін аяқтап, іс материалдарымен танысудың басталғанын жариялайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу кезінде жеткілікті дәлелдер жинақталған, олар Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген және тергеу органдарына келуден бас тартқан Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарының қылмыстық әрекеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 24 ақпанда Ұлттық бюро экс-әкім Рысқалиевті тергеуге шақырды. "Күдікті Рысқалиев, Рысқали, Әлбақасов, Желдібаев, Ізбасар, Сүлейменов, Жолмағамбетов, Теміралин және Даневич жедел-тергеу тобы олардың қатысуымен тергеу шарасын өткізу үшін, 2018 жылдың 2 наурызы сағат 10.00-ге дейін, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс", - деген хабарламаны Ұлттық бюро БАҚ арқылы таратты.

Бұған дейін де осыған ұқсас шақыртулар жарияланған, алайда күдіктілер тиісті органдарға бармаған.

Бұл іс бойынша 22 адам сотталған еді. Олар әкімнің бұрынғы орынбасарлары, лауазымды тұлғалар мен жеке ұйым басшылары. Бұрынғы шенеуніктер мен бизнесмендер ҚР Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айыпталды: "Ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған жетекшілік ету немесе оған қатысу", "Қызметтік жалғандық", "Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану", "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен талан-таражға салу", "Заңсыз жолмен табылған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру", "Жалған кәсіпкерлік". 

Тергеудің мәліметінше, Бергей Рысқалиев облыс басшысы болған кезде мемлекеттік қызметке қарсы ауыр жемқорлық қылмыстарын жасап, мемлекеттің аса ірі көлемдегі қаражатын бірнеше рет жымқырған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 70 миллиард теңгеден астам шығын келді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети