Агенттік соттан Сириядағы қазақстандықтар туралы бейнежазбаның таралуына тыйым салуды сұрауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Агенттік соттан Сириядағы қазақстандықтар туралы бейнежазбаның таралуына тыйым салуды сұрауда Асқар Жұмағалиев. Фото ©aci.gov.kz

Еліміздің байланыс және ақпарат агенттігі Сириядағы қазақстандықтар жайлы бейнежазбаның таралуына тыйым салуға тырысып бағуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш агенттік төрағасы Асқар Жұмағалиевтің блогына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің байланыс және ақпарат агенттігі Сириядағы қазақстандықтар жайлы бейнежазбаның таралуына тыйым салуға тырысып бағуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш агенттік төрағасы Асқар Жұмағалиевтің блогына сілтеме жасай отырып.

Жұмағалиев бұл жайтқа қатысты шара қолдануға өтініш білдіргендерге өз блогында "агенттік Есіл аудандық сотына талап арыз жазып бейнежазбаны заңсыз деп тануды, сондай-ақ Қазақстан аумағында бұл бейнежазбаның таралуына тыйым салуды ұсынып отыр" - деп жауап берген.

Сондай-ақ ол www.youtube.com және  www.vk.com интернет-ресурстарына да Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сай арнайы хат жолданғанын, осыған орай сот басталғанға дейін аталмыш интернет-ресурстарға бейне жазбаны ғаламтор бетінен алып тастау ескертілгенін құлағдар етуде.

Айта кету керек, қазіргі уақытта www.youtube.com. атышулы бейне жазбаны алып тастаған. Бұдан бұрын  бейнежазбаға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз пікірін білдірген болатын. Мәлім болғандай, бүгінде бейнежазбаның қалай түсірілгені, олардың дайындығы, жазбаға түсірілгендердің кім екендіктері, жазбаны кімдердің таратқаны анықталуда.

Еске салайық, өз мақсаттары жөнінде әңгімелейтін қарулы топтың бейнежазбасы биылғы шілде айында ғаламторда пайда болған. Бұл экстремистердің арасында Әбу-Әниса есімді жігіт өзінің алға қойған ниетін қазақ тілінде жеткізеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети