Аграрлық ЖОО-лардың түлектері ауылдарда жұмыс істеуге міндеттеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аграрлық ЖОО-лардың түлектері ауылдарда жұмыс істеуге міндеттеледі © letnews.ru

Ауыл жастарына арналған квота бойынша аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл жастарына арналған квота бойынша аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, министрлік ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлауға қатысты ұлттық заңнамаға бірқатар түзету енгізді. Биыл 28 қазанда Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған болатын.

"Жаңа заң бойынша ауылдық квотамен ауыл шаруашылығы мамандықтарында оқыған ЖОО-ның түлектері ауылдық жерлерде кемінде 3 жыл жұмыс істейді. Заңнаманы өзгерту, шын мәнінде, мемлекет есебінен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған ауыл жастарын аграрлық бейіндегі ұйымдарда кепілді түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Министрлік бұл шара ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кәсіби кадрларға деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді деп санайды. Жаңашылдық жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Сондай-ақ, ауылдық жерде "ауыл шаруашылығы мамандығы" бойынша мүлде жұмыс істеуді жоспарламаған талапкерлердің "ауылдық квотамен" мемлекеттік грантқа түсуіне жол бермейді", - деді министрлік өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети