18 сәуір 2014 | 17:37

Ағылшын азаматы Лондонда Назарбаев атындағы орталық ашуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон. ©РИА Новости Лондон. ©РИА Новости

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына қатысушы ұлыбританиялық Томас Бандерос Лондонда Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы Бейбітшілік пен келісім орталығын ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына қатысушы ұлыбританиялық Томас Бандерос Лондонда Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы Бейбітшілік пен келісім орталығын ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Ұлыбритания азаматымын. Бес жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда тұрамын, осында жұмыс істеймін. Біздің компания қағаз, макулатурадан алынған картон өндіреді", - дей бергенде Президент оның сөзін бөліп: "Қазақстандағы бүкіл қағаз қалдығын қайта өңдеу керек" деді.

Бандерос: "Міндетті түрде. Тағы бір зауыт салғым келеді. Бірақ бүгін ол туралы айтайын деген жоқпын. Бүгінде, өкінішке қарай, әлем тыныш болмай тұр. Бейбітшілікті қалай сақтау керек, бұған Нұрсұлтан Назарбаев жауап тапты. Сіз бейбітшілік пен келісімнің бүкіл әлемге арналған дана моделін дайындадыңыз. Сондықтан мен Лондонда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы бейбітшілік пен келісім орталығын ашуды ұсынамын. Біздің компания бүгіннен бастап осы бағытта жұмыс істеуге дайын", - деп жауап берді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети