Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол ағылшын бизнесмендеріне Қазақстанның АҚШ-қа не үшін керегін және керісінше жағын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол ағылшын бизнесмендеріне Қазақстанның АҚШ-қа не үшін керегін және керісінше жағын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"АҚШ-тың Қазақстанмен ара қашықтығы өте алыс және мұның барлығы бізге не үшін қажет? Бірақ мен сіздерге айтып берейін, картаға қараңыздар. Қазақстан жерінің үлкендігі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұр, ол Батыс пен Шығыстың, оңтүстік пен солтүстіктің арасындағы стратегиялық локация. Сонымен қатар, бұл мұнай мен газ секторы, минералды ресурстар мен ауыл шаруашылығы әлеуетті орасан ел. Осындай әлеуетті ресурстармен қатар, Қазақстанның өңірде ғана көшбасшы болуға емес, әлем бойынша экономикасы дамыған елдердің бірі болуға үлкен жоспары мен мүмкіндігі бар", - деді Крол Астанада өткен ағылшын-қазақ бизнес-форумы барысында.
"АҚШ-пен стратегиялық серіктес болу да өте маңызды, себебі АҚШ әлі де әлем бойынша экономикасы ең ірі және ең беделді ел болып отыр, инвестиция мәселесі ғана емес, сонымен қатар, ғылым, техника, білім беру мен ноухау-ел. Бұл жаһандық экономикалық дамудың ең маңызды бөлігі және біз Қазақстанмен серіктес бола алатын едік, ол Қазақстан үшін және осында өзге ірі инвесторларды тартып, Қазақстанды өзге әлеммен байланыстыру үшін қажет", - деп мәлімдеді дипломат.
Крол өз сөзін ашық мәлімдемемен түйіндеді: "АҚШ пен Қазақстан, мен айтар едім, бір-бірі үшін жаралған. Біз осы стратегиялық серіктестікті тереңдетіп, экономикалық және кәсіпкерлік ынтымақтастықты кеңейту міндетін өзімізге жүктедік. Бұған қатысты біз бір келісімге келдік, біз коммерциялық өзара әрекетімізді дамытуға ат салуға келістік", - деді ол.
Елші екі елдің арасындағы қарым-қатынастың неден басталғаны туралы тарихты еске салды. Оның айтуынша, 90 жылдардың басында негізгі қызығушылық энергетикалық салада болды. "Себебі Қазақстанда энергетика және минералды ресурстар саласында орасан зор ресурс бар. Бірақ қазір әртараптандыруға орасан зор мүмкіндік туды, ол тек мұнай мен газ секторында жұмыс істеу үшін ғана емес (сонымен қатар - Авт.) энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесімен айналысу үшін қажет. Бұл Қазақстан үшін орасан зор жетістік", - деді Джордж Крол.
Ол сонымен қатар, АҚШ-тың біздің елдегі тұрақтылыққа қызығушылық танытып отырғанына назар аударды. "(...) Бұл АҚШ үшін және өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды. Біз АҚШ-қа бірқатар стратегиялық қарсылық танытып отырған Ауғаныстанды қоса алғанда, осы өңірге қарап отырып, осы жердің тұрақтылықпен қамтамасыз етілуіне қызығушылық танытамыз, себебі мұнда экономикалық және кәсіпкерлік тұрақтылық бар", - деді елші.