Ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту дұрыс емес - депутат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл балаларға ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытуға қарсылық білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл балаларға ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытуға қарсылық білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ағылшын тілі 3-сыныптан бастап енгізілуі тиіс. Егер алты жасар бала бірінші сыныпта үш тілді үйренсе, онда тіл, рух және адамгершілік жағынан біз одан рухани мүгедек жасап шығарамыз. Әлемнің ешбір елінде 1-сыныпта немесе 2-сыныпта шетел тілін оқытпайды. Жапонияда шет тілін оқуды 5-сыныптан соң, 6-сыныптан бастайды. Олар дұрыс істемейді деп қалай айта аламыз? Үш тіл дегенді қайдан алдыңыздар? 6 жасар бала үш тілді меңгере алады деген қорытынды жасап берген адам бар ма?!", - деді депутат төменгі палатаның әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің 12 жылдық білім беру жобасы талқыланған отырысы барысында.

Мәжіліс депутаты орыс тілін 2-сыныптан бастап оқыту қажет деп есептейді. "Көп отбасының балалары қазақ тілін білмейді, ата-анасы мемлекеттік тілде сөйлесе де. 1-сыныпта қазақ тілі міндетті түрде болуы керек және ол әдебиет пәнінен бөлек оқытылуы тиіс", - деді ол. Ол бастауыштық білімнің жаңа стандарты бойынша "Сауаттылық" деген пәннің жоқ екенін, бірден "Тіл мен әдебиет" пәні оқытылатынын меңзеді.

"1-сыныптан бастап, қазақ тілі әдебиетпен біріктіріліп бес сағат оқытылады, жоғарғы сыныптарда қазақ тіліне сағаттар аз бөлінген. 5-сыныпта екі тіл аптасына екі рет, қазақ тілі мен әдебиеті жеті сағатқа аз оқытылады. Қазақ тілін орыс тілі мен ағылшын тілінен аз оқыту туралы тапсырманы кім берді? Бастауыш сыныптан соң бала қазақ тілін біліп шыға ма, ағылшынды ма?", - деп наразылық білдірді депутат.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro