27 мамыр 2021 | 16:08

АХҚО-да Орталық және Шығыс Еуропа Банктік қадағалау органдарының шарасы өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

27-28 мамырда АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) алаңында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Банктік қадағалау органдары тобының (BSCEE тобы) 33-ші жыл сайынғы конференциясы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

27-28 мамырда АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) алаңында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Банктік қадағалау органдары тобының (BSCEE тобы) 33-ші жыл сайынғы конференциясы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің аймақтық тобы конференциясының ашылу салтанатына AFSA Бас директоры, 2021 жылғы BSCEE тобының төрағасы Мұхтар Бөбеев пен Халықаралық есеп айырысу банкінің Қаржылық тұрақтылық институтының төрағасы Фернандо Рестой қатысты.

Ашылу барысында Мұхтар Бөбеев өтіп жатқан конференция банктік қадағалау саласындағы ақпаратпен және озық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Конференция аясында пандемия жағдайында пруденциялық саясат пен қадағалау технологияларын дамыту, онымен байланысты цифрландыруды жеделдету, сондай-ақ ұлттық банк секторларындағы ағымдағы жағдай, реттеу жаңалықтары мен басқа да мәселелер талқыланды.

BSCEE тобы 1991 жылы құрылған. Оның құрылу мақсаты Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Банктік қадағалау органдары арасындағы тығыз ынтымақтастық пен коммуникацияларды көтермелеу және қолдау; Банктік қадағалау жөніндегі (BCBS) Базель комитетімен байланысатын Орталық және Шығыс Еуропа аймағын таныстыру, үздік қадағалау практикаларымен және ноу-хаумен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету болды.

Бүгінгі таңда BSCEE құрамына 25 елдің банктік қадағалау органдары кіреді: Австрия, Албания, Армения, Беларус, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Польша, Ресей, Румыния, Солтүстік Македония, Сербия, Словакия Республикасы, Словения, Түркия, Украина, Хорватия, Чехия, Эстония және Черногория.

2018 жылғы 26 қарашада Абу-Дабиде Базель комитетінің банктік қадағалау жөніндегі халықаралық конференциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті атынан BSCEE тобына кірді. AFSA-ның BSCEE тобына мүшелік етуі оның банктік қызметтер нарығын реттеу және қадағалау саласындағы Базель комитетінің стандартына АХҚО-да ең жақсы халықаралық тәжірибені қолдану мақсаттарына ықпал етеді.

BSCEE тобына мүшелік ету Қазақстанда банк қызметтері нарығын дамыту бөлігінде Конституциялық заңның іске асырылуына жәрдемдеседі. Банк секторы АХҚО-ның аймақтық қаржы хабы ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Банк секторы Қазақстанда және өңір экономикаларында экономиканың өсуін күшейту үшін инвестициялық ағынды қамтуға ықпалын тигізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети