Ахметжан Есімов Қазақстандағы 90-жылдардағы қиыншылықтар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ахметжан Есімов Қазақстандағы 90-жылдардағы қиыншылықтар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хабар" телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "25KZ Новейшая история" деректі фильмі көрсетілді. КТК телеарнасының бұрынғы журналисі Ярослав Красиенко түсірген лентада Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері мен сұхбаттары бар. Үзінділердің ішінде елдің саяси қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасу жолы жайлы естеліктері айтылады.
Қазақстан үкіметінің бірінші төрағасы Сергей Терещенконың айтуынша, барлық мәселені олар оқиға орындарында шешуі тиіс болған.
"Барлығын өзіміз шешуіміз керек болды, экономикалық мәселелерді де. Президент міндет қойды және біз жылына екі-үш рет өңірлерге барып жүрдік. Кәсіпорындарда болдық, еңбек ұжымдарымен кездестік. Сол кезде естімегеніміз жоқ", - дейді Сергей Терещенко.
Ал "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ төрағасы Ахметжан Есімов сол кезде премьер-министрдің орынбасары болып тұрған кезінде шылым жайлы сұраққа таңғалғанын айтты.
"Ауылға барасың, шаруашылық, жетекшілерді жинайсың, барлығы бірдей адал ниетімен күтіп отырмайды. Сол кездегі жас министр болып тұрған маған "Не болды, шылым әкелдің бе?" деген сұрақ қойылды. Таңғалдым. Бізде шылым мәселесі күрделі болды. Сондықтан сапарлап жүрген кезімде жәшіктеп алып жүретін болдым", - дейді Есімов лентада.