14 мамыр 2014 | 18:23

Ахметов Қазақстанның оңтүстігіндегі әскерді тексеріп қайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі Серік Ахметов. ©Ярослав Радловский Қорғаныс министрі Серік Ахметов. ©Ярослав Радловский

Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Оңтүстік" әскери өңірлік командованиесінде жұмыс сапарымен болды, - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Оңтүстік" әскери өңірлік командованиесінде жұмыс сапарымен болды, - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз гарнизоны әскери бөлімінің командирлерімен болған кеңесте министр "Елбасы айырықша мән беріп отырған еліміздің оңтүстігінің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі боп табылады" дей келе, әскер дайындығының сапасын арттыруға және әскери қызметкерлердің кәсіби дағдысы мәселесіне баса назар аударды.

Сондай-ақ Ахметов әскердің жауынгерлік және шұғыл жұмылғыштық дайындығын жоғары деңгейде қолдау, кәсіби және жауынгерлік әзірлік сапасын арттыру, жоғары әскери тәртіп мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді және өңірлік командование басшысына жырақта жатқан бөлімдер мен бөлімшілерге, әскери қызметкерлердің қызметі мен тұрмыс-тірішілігіне айырықша көңіл бөлуді тапсырды. "Бұл жұмыстардың нәтижесіне аталған өңірдегі әскердің жауынгерлік дайындығы мен мүмкіндігін арттыру тікелей тәуелді" деді Ахметов.

Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің іріктеу пунктінде болған кезінде Ахметов әскерге қабылдау науқанымен танысып, жастарды іріктеу сапасы бойынша бірнеше міндеттерді алға тартты.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети