27 қаңтар 2014 18:46

Ахметов мұнай-газ саласындағы еңбек дауларын ескертуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Мұнай-газ компаниялары өздерінің өндірісінде болған еңбек даулары үшін жауап беретін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Премьер-министр Серік Ахметовтың айтуынша, бұдан былай Үкімет жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін қатаң қадағалайтын болады. "Еңбек шиеленісіне қатысты ескертуді жеке-дара қозғағым келіп отыр. Бұл жерде ұсақ-түйек деген болмауы тиіс, жұмысшыларды еңбекпен қамтамасыз етуде лайықты еңбек шартын жасап, олардың күнделікті өміріне, сапалы тамақтануына ерекше назар аудару керек. Бұл ретте Үкімет пен министрлік тарапынан қатаң бақылау жасалатын болады",- деді Серік Ахметов Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан отырысында. Сонымен бірге ол жұмысшыларға лайықты назар аудару барлық кәсіпорынның, шетелдік те, қазақстандық та компаниялардың ең басты артықшылығы болуы тиіс екенін атап өтті. "Компания жетекшілері мұны ескеруге міндетті, бұл популисттік мәлімдеме емес, нақты іс жүзінде орындалатын амалдар. Аймақтардағы жұмыс орындарында, нақты компанияларда не болып жатыр, жатақханаларды, тамақтанатын орындарды тексеріп, жұмысшылармен кездесу өткізу керек, жұмыс орындарындағы нақты жағдайды тек осылай ғана білуге болады", - дейді Премьер-министр. Сондай-ақ ол бұл мәселеге ерекше ықыласпен зейін салып, дұрыс ықпал ету арқылы әлеуметтік еңбек дауларын төмендетуге мүмкіндік зор екендігін айрықша атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети