23 тамыз 2023 | 12:19

АИ-95 - 385 теңге: алматылықтарды бензин бағасы таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев© Фото Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев©

Алматыда жанармай құю станциясының бірінде маркасы "АИ-95" бензині 385 теңгеден сатылып жатыр. Бұл баға қала тұрғындарын ашуланырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жанармай құю станциясының бірінде маркасы "АИ-95" бензині 385 теңгеден сатылып жатыр. Бұл баға қала тұрғындарын ашуланырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай баға қала бойынша 20-ға жуық филиалы бар "Газпромнефть" жанармай құю станциясында байқалған. Тұрғындар 22 тамызда таңертең әдетте 255 теңге тұратын АИ-95 бензині бағасының 385 теңгеге дейін көтерілгенін байқаған. ЖМҚС қызметкерлері бағаның көтерілуін бұл марканың жергілікті өндірісте таусылып, Ресейдің Омбы қаласынан әкелінгендігімен түсіндірді.

Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев©

Бұл жағдай кешке дейін созылып, жүргізушілер керекті бензинді әдеттегі 255 теңгеге таба алмаған. Төле би мен Тілендиев көшелерінің қиылысында, Domillion сауда үйіне қарама-қарсы Саин көшесі мен ШААЖ бойында орналасқан филиалдарда осы баға болған.

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қалалық әкімдікке жүгінді. "Газпромнефть" ЖҚС баспасөз қызметі АИ-95 маркасының жергілікті өндірісте жоқ екенін растады. Алматыдағы 19 филиалдың 17-сінде баға өзгерген.

"G-Drive-95 маркалы бензинді Омбы МӨЗ-ден (Ресей) сатып алғанына байланысты баға қаладағы 19 жанармай құю станциясының 17-сіне 385 теңгеге дейін өсті. Бұған дейін G-Drive-95 бағасы 252 теңге еді, өйткені ол жергілікті МӨЗ-ден алынған", - деп түсіндірді шенеуніктер.

АИ-95 255 теңгеге Ақсай 1а 2 шағынауданы; Тілендиев көшесі, 84; Әшімов көшесі, 179 мекенжайларында ғана сатылады.

"Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ҚТЖ және ЖҚС желілерімен бірлесіп АИ-95 бензинінің және басқа да отын түрлерінің болуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп, вагондардың басқа өңірлерде тоқтап қалуы мәселесін шешеді.

22 тамыздағы жағдай бойынша Sinooil, Helios, Qazaq Oil, "Газпром", Petrol Asia секілді ірі желілік ЖҚС-де, сондай-ақ қаланың мұнай базаларында шамамен 3,3 мың тонна АИ-95 маркалы бензині бар, тағы 2-3 күн ішінде 7,6 мың тонна келеді", - деп қосты әкімдік баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігі мен Алматы әкімдігі АИ-95 маркалы бензиннің бағасын бақылауға қауқарсыз, себебі ол әлеуметтік отын емес. Әлеуметтік отынға дизель және АИ-92 кіреді.

"Бұл ретте АИ-95 бензині еркін сатылып, сату бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Атырау және Павлодар МӨЗ-мен отын жеткізуге келісімшарт жасалып, көлемі кезек тәртібімен беріледі", - деп қорытындылады қалалық әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети