АИ-95 бензині тапшылығының себебі түсіндірілді

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев еліміздегі жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензин тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев еліміздегі жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензин тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Макеевтің айтуынша, қазір АИ-95 маркалы бензинді өндіруге күштің негізгі бөлігі Атырау мұнай өңдеу зауытына түскен. Осыған байланысты жанармай құю бекеттеріндегі бензин тапшылығы жанар-жағармай әлі жеткізіліп үлгермегендіктен болып отыр.

"Бұл ең алдымен, логистикамен байланысты. Өйткені жанар-жағармай материалдарын батыстан оңтүстік аймақтарға жеткізу екі аптаға созылуы мүмкін. Қазір оларда өнім бар сондықтан жолға шығуға дайындалып жатыр. Дегенмен, біздің еліміз өте үлкен және қашықтықта біршама алыс сол үшін бізде логистика уақыт алады. Біз тиісті техникалық іс-шаралар өткіздік, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" өндірістің үлкен көлемін өз мойнына алды және бізде келісілген көлемдер орындалып жатыр", - деді "ҚазМұнайГаз" төрағасының орынбасары.

Журналистер Макеевтен бұл жағдайда бағыттарды қайта қарап, жанар-жағармай жеткізу үдерісін қалай жеделдетуге болатынын сұрады.

"Біз Энергетика министрлігімен, "Қазақстан темір жолымен" үнемі жұмыс істейміз. Егер жеткізілімдердің қозғалысы басымдыққа ие болуы үшін шұғыл түрде "жасыл дәліз" қажет болса, тұрақты түрде жұмыс істейміз. Бірақ біз тасымалдаудың физикалық уақытын өзгерте алмаймыз. Бұл сіз ойлағандай физикалық қозғалыс. Жеткізудің белгілі бір үзілістері бар. Бұл оңай процесс емес екенін түсіну керек. Біз бұл сын орынды екенін мойындаймыз, онымен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Макеев.

Осыған дейін Энергетика министрлігінің басшысы АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, Алмасадам Сәтқалиев "бензин бағасының көтерілуі мүмкін бе" деген сауалға жауап берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro