Аязда мүгедек адамды автобустан түсіріп тастаған жүргізуші жұмысынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аязда мүгедек адамды автобустан түсіріп тастаған жүргізуші жұмысынан айырылды

Аязда 17 жастағы мүгедек баланы автобустан түсіріп тастаған жүргізуші жұмыстан босатылды. Бұл туралы елордалық әкімдік баспасөз қызметінің өкілі Ақмарал Олжабаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Н.С. Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды. Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды", - деп жазды баспасөз қызметінің өкілі. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, барлық автобус парктерінің жүргізушілеріне осындай жағдайлардың алдын алу тапсырылып, қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді.

Айта кетейік, 20 қарашада аязда 17 жастағы колледж студентін автобустан түсіріп тастаған. Бала Қосшы ауылынан елордалық колледждердің біріне барған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети