Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Балаева Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы болып тағайындалды. 

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. 

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде 7-тармақта "хатшыдан" деген сөз алып тасталды.

13-тармақ мынадай редакцияда жазылады:

"13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.";

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)" деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Балаева Аида Ғалымқызы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға";

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети