Айдын Кәрімов Үкімет Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Кәрімов Үкімет Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР премьер-министрінің өкімімен Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдын Кәрімов 1988 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, КАЗГЮУ университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР ТЖМ "Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау" РМК, "АйТи-Сервис" ЖШС, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы" РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.

2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің директорының орынбасары, басқарма басшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап ҚР премьер-министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді: 2016-2017 жылдары - Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2017-2019 жылдары - Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі - ҚР премьер-министрінің хаттама шефі. 

2019 жылдың сәуір айынан ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети