Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салу керек пе? - "Сізден пікір"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салу керек пе? - "Сізден пікір" © Тengrinews.kz коллажы

Tengrinews.kz сайтында әр аптада ең көп талқыланған өзекті жаңалықтар туралы халықтың пікірін сұрап-білеміз. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz сайтында әр аптада ең көп талқыланған өзекті жаңалықтар туралы халықтың пікірін сұрап-білеміз. 

Осы аптада Түрікменстандағы әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салу туралы хабар елімізде біраз талқыланды. Осыған орай көлік жүргізушілерінің пікірін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында сұрап-білуді жөн көрдік. 

Бағдарламаның осы аптадағы сұрақтары: Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салу керек пе?
Елімізде көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне көлік иелерінің есімін жазуға қалай қарайсыз? 

Еске салайық, таяуда Түрікменстанда әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынғалы бері Қазнетте бұл тақырып қызу талқылана бастады. Түрікменстанның БАҚ мәліметтеріне қарайтын болсақ, 2017 жылы желтоқсанда елдің ІІМ басшысы Исгендер Муликов Түрікменстанның басшысына жол апаттары жөніндегі статистиканы ұсынған, оларда жол-көлік оқиғаларының көп бөлігі әйел-жүргізушілердің кінәсынан немесе солардың қатысуымен болатыны аңғарылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ішкі істер министрлігіндегілер Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевтың көлік нөмірлеріне иелерінің есімін жазуға рұқсат беру туралы ұсынысына жауап берді. 

Қазақстанда қазіргі таңдағы нөмірлерді тіркеудің формасы мен үлгісі 2015 жылы 19 желтоқсанда қабылданған бұйрықпен бекітілген, оған сәйкес заңды тұлғаларда мемлекеттік нөмірде өңірі үш сан мен екі әріп арқылы, жеке тұлғалардыкінде үш сан мен үш әріп арқылы өңірлері белгіленеді.

Айта кетейік, жобаның мақсаты - елеулі жаңалықтарға деген халықтың көзқарасын білу. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети