Aina-LINE арнайы жобасында видеоблогер Амина Малғаждар (Аминка Витаминка) және анасы Арай ең алғашқы видеолары, танымалдық, бала тәрбиелеудегі негізгі аспект, қызығушылығы, сондай-ақ дербестік, хейтерлер, сондай-ақ, қыз бала есейген сайын пайда болатын жанжалдар туралы сөз қозғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа шығарылымды бүгін, 24 желтоқсанда сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көре аласыздар. Жас блогердің анасы Арай Малғаждар Аминка Витаминка мен екі сіңлісінің жетістік сыры туралы, сондай-ақ бір күндік жоспары мен мектеп, демалыс, түсірілімді қалай қатар алып жүргенін айтады.
Alash Media Group медиахолдингі Damin Group-пен бірлесіп I-BALAQAI жобасы аясында еліміздегі дарынды балалар туралы Aina-LINE арнайы жобасын бастады. Aina-LINE - балаларды өз күшіне сенуге үйрететін, оларға өз дарынын дамытуға көмектесіп, олардың шекараларын айқындауға және нәтижелі болуға үйрететін жоба.
Амина мен оның сіңлілері Адия мен Аружан қызық видеоларының арқасында Қазнетте танымал болды. Бүгінде Аминка Витаминканың YouTube-каналына 5,1 миллион адам және Instagram желісіндегі парақшасына 1,3 миллион адам жазылған.
Жүргізуші - "Жаңа ұрпақ" көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады.
I-BALAQAI жобасы аясында Marwin family shop және "Меломан" дүкендерімен бірлесіп желтоқсан бойы сертификаттар ойнатады. Instagram-да I-BALAQAI парақшасына жазылып, ұтысқа қатысыңыз.
Сыйлық сертификаттары үшін Marwin family shop және "Меломан" сауда желісінің дүкендеріне алғыс білдіреміз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!