Айыппұлы бар көлікті жүргізген қыз полицейлерді алдауға тырысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыппұлы бар көлікті жүргізген қыз полицейлерді алдауға тырысты ©СТВ

Алматыда полицейлерге ұсталған көлік жүргізуші қыз артқы орындыққа ауысып, жауапкершіліктен құтылып кетпек болды деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға Алматыдан Қапшағайға қарай шығар жолда, "Нұра" бекетінде болған. Полицей Lexus автокөлігін тоқтатты, бұл көліктің жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық мәліметтері базасында 500 мың теңгеге жуық борышкер ретінде тіркелген. Полицейлер тоқтатқан кезде рульде отырған қыз бірден артқы орындыққа ауысып, тәртіп сақшыларын алдауға тырысты. Бағдарлама тілшісінің хабарлауынша, бұл кезде автокөлік салонында оның өзінен басқа адам болған жоқ. Соған қарамастан, қыз өзінің жүргізуші емес екенін, таксиге отырған жолаушы екенін айтып бағып, хаттама толтырудан бас тартты. Оқиға орнына келген жедел топ қыздың саусақ іздерін түсіріп алды. Қазір көліктің мемлекеттік нөмірі тексеріліп жатыр, полицейлер Lexus-ті айыппұл тұрағына қойып, оның шын қожайынын анықтайды. Ал қыз уақытша босатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети