Айзада Авлатарованың әпкесі әскери қызметшілерге арнап би биледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзада Авлатарованың әпкесі әскери қызметшілерге арнап би биледі © ҚР Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Айзада Авлатарованың әпкесі студент қызды тапқан әскери қызметшілерге арнап би биледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзада Авлатарованың әпкесі студент қызды тапқан әскери қызметшілерге арнап би биледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 желтоқсанда 5571 әскери бөлімінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Айзада Авлатарованы табуып, қылмыскерді ұстауға көмектескен әскери қызметшілер де қатысты.

Салтанатты шараға Айзаданың туыстары - ағасы Руслан, әпкелері Гүлзира мен Нигара келді. Олар Айзаданы табуға көмегін тигізген әскери қызметшілерге рақметтерін айтты және алғыстарының белгісі ретінде Нигара би билеп берді.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Әлібек Серәлиев оларға ерекше құрмет көрсетіп, қатардағы жауынгерлер Нұржан Тілеухан мен Бибол Бинұровқа туған жеріне кезектен тыс 10 күн демалыс жарияласа, кинолог Арман Әлімбетов пен жасақ жетекшісі Руслан Сердалиновты "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" кеуде белгісімен марапаттау үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына жеделхат жолдады.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети