Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды Сурет: primeminister.kz

Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін ол денсаулық сақтау вице-министрі болған еді. 

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети