Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.
Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.
Бірінші жұмыс күні барысында денсаулық сақтау министрі аудандық деңгейдегі бірқатар медициналық ұйымдарда: Талас, Жамбыл, Меркі аудандарының орталық ауруханасында болды.
Одан кейін А. Ғиният Талас аудандық ауруханасы базасында Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік практикалары орталығының ашылуына қатысып, ауруханадағы отбасылық дәрігерлер мен мейірбикелердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырумен, дәрігерге дейінгі кабинет, шұғыл көмек көрсету, отбасын жоспарлау, баланы дамыту кабинеті, скрининг кабинеті және жалпы жастар денсаулық орталығының жұмысымен танысты.
Сапар барысында ведомство басшысы Жамбыл облысындағы МСАК үздік тәжірибе орталықтарын аралап көріп, Меркі аудандық орталық ауруханасының үздік тәжірибе орталығының жұмысына жоғары баға берді. Мұнда жобалық басқару бағытындағы жұмыстар көрсетіліп, "дұрыс тамақтану", "ерлердің ұзақ өмір сүруі", "ми қан айналымының жіті бұзылу белгілерін ерте анықтау", "Салауатты ауыл", "денсаулықты нығайтатын мектептер", "балаға тілектестік қарым-қатынас", "Ақылмандар кеңесі", "ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс тетігі" секілді алдын алу мектептері жұмыс істейді.
Министр Меркі ауданының МСАК үздік практикалар орталығында жобалық басқаруды енгізудің тиімділігі мен табыстылығын ерекше атап өтіп, ол - басқару жүйесін құруға, үздік жобаларды енгізуге және МСАК қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігін айтты.
Сондай-ақ, Меркі ауданының үздік практикалар орталығы Қазақстан Республикасындағы МСАК-тың басқа ұйымдарына инновацияларды енгізу тәжірибесін беру үшін демонстрациялық алаңға айналатынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!