Ажар Ғиният студенттерді жүгіруге "мәжбүрлеп" қатыстыру туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ажар Ғиният студенттерді жүгіруге "мәжбүрлеп" қатыстыру туралы айтты Фото:elements.envato.com

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бүгін Астананың ботаникалық бағында елорданың медициналық жұртшылығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі қатысқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған жүгіру шарасы өтті. Оған денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бүгін Астананың ботаникалық бағында елорданың медициналық жұртшылығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі қатысқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған жүгіру шарасы өтті. Оған денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Ажар Ғиният осыдан кейін бірден Мәжіліске "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру үшін барды. Бұл арада әлеуметтік желілерде жүгіруге қатысқан медицина факультетінің студенттері "ерікті-міндетті түрде" жіберіліп, таңғы сабақтар мен емтихандар ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Qumash Telegram-арнасы таратқан аудиожазбада ер адам студенттердің автобустармен Ботаникалық баққа бару жоспарын және жарысқа қатысушылардың алдағы әрекеттерін айтып береді. Сондай-ақ, іс-шараға қатыспағандарға жаза туралы ескертеді.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ажар Ғинияттың өзінен сұрады.

"Бүгінгі марафон Денсаулық күніне орай болды. Денсаулық күні бүкіл ел бойынша басталды, ол бүкіл әлемде 7 сәуірде атап өтіледі. Сіздің мәлімдемеңізге келетін болсақ, мен хабардар емеспін. Біз бұл мәселені анықтаймыз", - деп уәде берді министр.

Университет студенттердің Астанадағы жаппай жүгіру шарасына қатысатынын растады. Білім ошағының баспасөз қызметі студенттердің мұндай шараларға үнемі қатысып тұратынын түсіндірді. Оқу орнының мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты тергеу басталған.

"Мұндай іс-шаралар алдын ала ұйымдастырылып, өз еркімен қатысуға ниет білдірген студенттердің тізімі жасақталады. Ер адамның дауысы шыққан аудиохабарламаның таралуына қатысты тексеру басталды", - деп хабарлады университеттегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети