10 тамыз 2018 | 11:32

Ажырасқанда қазақстандық зейнеткерлер мүлікті қалай бөліседі?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© grifoninfo.ru © grifoninfo.ru

Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып есептеледі. Ол ажырасу кезінде бөлінеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып есептеледі. Ол ажырасу кезінде бөлінеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведостводағылар бірлесіп жинаған мүліктің тізімін айтты.

"ҚР Кодексінің 33-бабының 2-бөлігі ("Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі") бойынша, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен табыс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған табыс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ табыс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып есептеледі", - деп жазылған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Tengrinews.kz сауалхатына жолдаған жауабында.. 

Сонымен қатар, олардың әрқайсысы зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін алған жинақталған зейнетақы қаражаты олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып есептеледі деді ведомстводағылар. Бірақ әзірше жинақталған зейнетақы қаражаты БЖЗҚ-да (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) сақтаулы, олар некеде тұрған кезінде жинаған ортақ меншiгi болып саналмайды. 

Алайда, заңгерлердің айтуынша, жинаған зейнетақыны алу үшін зейнеткерлік жасқа толу міндетті емес. 

"Кейде жинақталған зейнетақы қаражатын уақытынан бұрын алуға болады. Неке кезінде немесе мүлік бөлу барысында ерлі-зайптылардың бірі жинақталған зейнетақы қаражатын алған жағдайда, екіншісі бұл қаражатты бөлуге үміткер бола алады", - деп түсіндірді заңгер Олег Чернов.  

Бiрлесіп жинаған ортақ мүлікті жинақталған зейнетақы қаражаты түрінде сот немесе өзара келісім арқылы бөлуге болады. Заңгерлердің байқауынша, зейнетақы бөлісу барысында ерлі-зайыпты арасында ашық сұрақтар бар. 

"Бұл бөлісті орындау нұсқаулығы әзірше реттелмеген. БЖЗҚ зейнеткерлер арасында жиналған мүлікті қалай бөледі? Олар қалай қаражатты бір дербес шоттан екіншісіне аударады? Бірақ бұл бәрібір де БЖЗҚ жұмысы", - деп пікірін білдірді заңгер Станислав Лопатин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети