"Ақ жол" партиясы сайлауға өз кандидатын ұсынудан бас тартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

"Ақ жол" демократиялық партиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы бойынша өз ұстанымын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Ақ жол" демократиялық партиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы бойынша өз ұстанымын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Партияның ХІІ съезінде "Ақ жол" ҚДП делегаттардың дауыс беру нәтижелері бойынша 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қолдау жөнінде қаулы шығарды. 

Партияның ұстанымын түсіндірген "Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашевтің айтуынша, Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевқа тең келер саяси тұлға жоқ. "Бизнесті дамыту, Қазақстанның ұлттық мүдделерін жылжыту жолында кім болса да, Назарбаевтан көп еңбек сіңірген жоқ. Бұл біреулерге ұнаса да, ұнамаса да айтайын, Назарбаев өзімен-өзі болған адам емес, ол - барлық посткеңестік кеңістік үшін жаһандық тарихи ауқымдағы тұлға", - деп мәлімдеді Перуашев. 

Оның айтуынша, кез келген саяси партияның міндеті - билік үшін күрес. "Бірақ халықтың шынайы қолдауына ие болған, халықты әкімшіл-әміршіл державаның ешкімге беймәлім провинциясынан тәуелсіз мемлекетке жеткізген Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын сайлауға күрес терминін қолдану келмейді. Өйткені бұл өз халқыңның еркіне қарсы келу дегенді білдірер еді", - деді Перуашев. Партия төрағасының пікірінше, кейбір саяси партиялардың өз кандидаттарын Назарбаев фигурасымен қатар қоюға тырысуы қазіргі Қазақстандағы Президенттің ролі мен мәнін орынсыз түрде төмендетеді.

Еске салайық, 11 наурыз күні "Нұр Отан" партиясының ХVI съезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өз кандидатурасын кезектен тыс сайлауға ұсыну жөнінде бастама көтерілген еді. Елдің әр аймағынан барлығы 11 делегат сөз сөйледі, олардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ақын-жазушылар мен ғалымдар болды. 

XVІ съезінің қорытындысы бойынша делегаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. 

Кезектен тыс президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірі күні өтеді. Қазіргі уақытта сайлауға қатысқандардың арасында лингвистика комиссиясы емтиханынан үш адам ғана өтті. Олар - қазіргі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева мен кандидаттыққа ҚКХП атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro