12 қаңтар 2015 13:20

Академик Мұхтар Әлиев өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әлиев. ©Time.kz Мұхтар Әлиев. ©Time.kz

Алматыда академик Мұхтар Әлиев 82 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығына сілтеме жасап. Марқұммен қоштасу Ұлттық ғылым академиясында 13 қаңтар күні сағат 10.00-де өтеді. 


Алматыда академик Мұхтар Әлиев 82 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығына сілтеме жасап. Марқұммен қоштасу Ұлттық ғылым академиясында 13 қаңтар күні сағат 10.00-де өтеді. 

Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап қыстағында дүниеге келген. Ол медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі болды. 1982-87 жылдар аралығында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігін, 1980 жылдан бастап өзі негізін қалаған Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығын басқарды.

Мұхтар Әлиев Хирургтердің халықаралық ассоциациясының мүшесі, Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының, Нью-Йорк ғылым академиясының және ГФР медициналық білім беру халықаралық академиясының мүшесі болды. Ол - "Халық қаһарманы", Алматы қаласының құрметті азаматы, "Отан" орденінің иегері, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі алғысхатының иегері, "Платиновый Тарлан" сыйлығының лауреаты. "Еңбек ардагері", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медальдерінің, "Жаратылыстану ғылымдары академиясының Абылай хан атындағы алтын медалінің, "ХХІ ғасырдың негізін қалаушылар" алтын медальдарының, "ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін" белгісінің иегері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Сонымен қатар, ол "Жыл адамы", "Әлем азаматы", "Көрнекті көшбасшы", "Әлем елшісі" атақтарын алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети