Академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Академик Төрегелді Шарманов Академик Төрегелді Шарманов

МСАК бойынша Алматы декларациясының әкесі, әлемдік денсаулық сақтау аңызы, қазақстандық Медицина мақтанышы академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

МСАК бойынша Алматы декларациясының әкесі, әлемдік денсаулық сақтау аңызы, қазақстандық Медицина мақтанышы академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 мамырда әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі Еңбек ер атағының иегері, академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды.

Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрксеткішімен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтежеде бітірген.

Еңбек жолы

1958-1962 жылдары - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері.
1962-1968 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі.
1968-1971 жылдары Ақтөбе медицина институтының ректоры.
1971-1982 жылдары - Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрі.
1973-1984 және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті).
1985-1988 жылдары - Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» атты журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1995 жылдың мамыр айынан - Қазақстанның Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті.
1997 жылдан бастап "Здоровье и болезнь" журналының бас редакторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (8-10 мәрте сайланған).

Төрегелді Шарманұлы 12 жыл бойы республиканың денсаулық сақтау министрлігін басқарды және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды.

1974 жылдан бастап ол республиканың жетекші ғылыми ұйымдарының бірі - Қазақ тамақтану академиясының тұрақты басшысы болды.

2005 жылы академик Шарманов Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы - Леон Бернард сыйлығының ең жоғары құрметіне ие болды, оның бүкіл әлем тарихында тек 29 адам иегері болды. Бұл денсаулық сақтау саласындағы Нобель сыйлығының бір түрі.

Төрегелді Шарманұлы Қазақстанның медициналық жұртшылығы арасында ғана емес, зиялы қауым, шығармашыл жастар, көптеген саясаткерлер мен республиканың басқа да азаматтары арасында үлкен беделге ие болды.

93 жыл ішінде академик Шарманов ел мен әлем үшін көп нәрсе жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro