Академиктің ұлы Жамбыл облысы әкімдігінде қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Академиктің ұлы Жамбыл облысы әкімдігінде қызметке тағайындалды

Алмас Мәдиев Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Мәдиев Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

"Облыс әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып Алмас Мәдиев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Алмас Өскенбайұлы Мәдиев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "Инженер-экономист", 2000 жылы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша оқу бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бастығы қызметтерін атқарды.

2009-2014 жылдары - "Оңтүстік "ӘКК "ҰК" АҚ қаржы директоры, басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ қаржы департаментінің директоры, "Павлодар "ӘКК" ҰК"АҚ Басқарма төрағасы.

2014-2017 жылдары-Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы ақпаннан бастап шілдеге дейін - "Алматы" ӘКК АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети