Ақан Рахметуллин Пәкістанда елші қызметіне тағайындалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақан Рахметуллин Пәкістанда елші қызметіне тағайындалды Ақан Рахметуллин

Ақан Рахметуллин Пәкістанда елші қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Ақан Рахметуллин Пәкістанда елші қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Көптеген жылдар бойы А. Рахметуллин СІМ орталық аппаратында, Қазақстанның Пәкістан мен Аустриядағы елшіліктерінде, Қазақстан Республикасының БҰҰ мен ЕҚЫҰ Тұрақты өкілдіктерінде қызмет атқарған.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығына жетекшілік ететін негізгі бөлімшені басқарған. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети