Қазақстан халық ассамблеясының XXV сессиясына қатысу аясында Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Ақан Сатаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан халық ассамблеясының XXV сессиясына қатысу аясында Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Ақан Сатаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу кезінде Ақан Сатаев Елбасына жаңа фильмінің сценариі мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
Президент кино түсіруде қазақ ұлтының қалыптасуы мен егемен Қазақстанның астанасының салыну тақырыбын қозғау маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында Елбасы режиссерге батасын берді. Мұның алдында Ақан Сатаев Мәдениет және спорт министрлігімен біріге отырып, Томирис патшайым туралы фильм түсіретіні хабарланған.