Шымкентте өз әкесінен жүкті болып, босанды деп хабарланған мектеп оқушысы туралы жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте өз әкесінен жүкті болып, босанды деп хабарланған мектеп оқушысы туралы жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы "қызметке толық сәйкес келмейді" деген тәртіптік жазаға тартылды. Ведомство басшысының мәліметінше, қызметкер жалған ақпарат берген.
"Ол кезде қыз 15 емес, 17 жаста болған. Қазір ол 18-де және мектеп оқушысы емес. Әкесіне қатысты шағым болған жоқ. Мұның бәрі қауесет. Қыз ауруханаға түскен кезде полицияға бірден хабарланды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтаған соң, істі ашпады. Бұл 2020 жылдың ақпанында болған. Біздің қызметкер жалған ақпарат беріп, ол үшін жазаланды. Олар қызметіне толық сәйкес келмеуіне байланысты жаза алды", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының өкілі.
Еске салайық, қарашаның басында Шымкентте 15 жастағы қыз өз әкесінен бала тапқаны туралы оқиға хабарланған болатын. Артынша деректер ашылғаннан кейін әкесі өз өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиғаның мән-жайын қалалық білім беру басқармасының мамандары айтып берген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!