Әкімдік пен ішкі істер органдары арасындағы жемқорлық өсіп барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік пен ішкі істер органдары арасындағы жемқорлық өсіп барады ©news.ekaraganda.kz

Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі әкімдік пен ішкі істер органдарына тиесілі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл лауазымды тұлғалардың қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық әрекеттері 33 пайызға өскен. Өткен жылы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 487 болса, биыл үш айдың ішінде 648 қылмыс тіркелді. "Ол қылмыстардың басым бөлігі әкімдік пен оған қарасты құрылым қызметкерлеріне тиесілі. Олар 300 қылмысқа жол берген. Одан кейін ішкі істер органдары (105), барлық деңгейдегі әкімдер (20), кеденшілер (18), білім министрлігі (18), ауыл шаруашылығы министрлігі (16), төтенше жағдайлар министрлігі (15) және салық органдары (11) келеді", - делінген ресми хабарламада. 

Бүгінде анықталған қылмыстар бойынша мемлетке 370 миллион теңге көлемінде шығын келді. Соның 292 миллион теңгесі қайтарылды. Оған қоса, 13 миллион теңгенің жеке мүлігі тәркіленді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети