Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай нигериялық мафияның құрбаны болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне CARІCC ақпараттық-сараптамалық бөлімшесінің жетекшісі Аманжол Оразбаев айтып берді.
Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай нигериялық мафияның құрбаны болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне CARІCC ақпараттық-сараптамалық бөлімшесінің жетекшісі Аманжол Оразбаев айтып берді.
Есірткі психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Ортаазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы бірнеше жыл бойы халықаралық "Қара қызғалдақ" атты операция жүргізіп келе жатыр. Нигериялық наркомафияның қазақстандық қызды ғана емес, Қырғызстан мен Ресейдің де азаматтарын алдап келгені белгілі болды.
2015 жылдың 24 маусымында ақпарат құралдары трансұлттық есірткі топтары туралы бірқатар деректер келтірді. Бұл жолы есірткіге қарсы күрес жөніндегі полиция қызметкерлері құны 200 миллион рубль болатын 30 келі кокаинды Тайландқа тасымалдамақ болған тоғыз адамды ұстады. Олардың ішінде нигериялық Ленц есімді ер адам да бар. Тайланда тұратын ол бірнеше ғимаратқа да иелік еткен. "Российская газета" басылымының хабарлауынша, Ленц Тайландқа кокаин жеткізетін ұйымдарға да жетекшілік еткен. Ол өзіне құрбан етіп тұрмысқа шықпаған, Тайландқа демалуға барғандарды таңдап отырған. Кейбіріне тіпті өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс та жасапты.
Оразбаевтың айтуынша, бірнеше уақыттан кейін ол қыздардан сөмкені бір жерге жеткізуді сұрайды екен. Дегенмен олар әуежайда ұсталған кезде ғана құрбан болғандарын біледі. Оның алдауына Жібек Сакеева, Анастасия Яичникова, Ақжарқын Тұрлыбай, Мария Дапирка, Светлана Көлбаева, Шовкатбек Юсупжанов, Семен Соболь, Шолпан Шайымбетова түскен. Олардың көбі көп жылға бас бостандығынан айырылды.
Жібек Сакеева. Әлеуметтік желіден алынған сурет.
Мария Дапирка. Әлеуметтік желіден алынған сурет.
Анастасия Яичникова. © delo.kg
Ақжарқын Тұрлыбай. Әлеуметтік желіден алынған сурет.
Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, Ленц мамыр айының басында қолға түсті. Оның үйін тексеру барысында пәтерінен есірткі тасымалы кезінде ұсталғандардың құжаттары, сонымен қатар тергеуге қажетті бірнеше құжаттар табылған. Қазіргі уақытта Тайланд Королдігінде трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да мүшелерін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, маусым айында Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Кейін қорғаушы тарап үкімге шағым түсіретіндерін айтты, дегенмен шағымды қарау жарты жылға созылады. Ақжарқынның адвокаты қазақстандық қыздың өзін жақсы сезінетінін, денсаулығының да жақсы екендігін айтты. Кейін ҚР СІМ қызды отанына экстрадациялауға мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеді. 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінен есірткі заттары табылды.