11 наурыз 2020 | 12:34

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қашан оралуы мүмкін екені айтылды

Ақжаркын Тұрлыбай. © vk.com

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қашан оралуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қашан оралуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде ҚХР-мен келісімшарт бар. Қазір процесс жүріп жатыр, бірақ үкім күшіне енген жоқ, себебі екінші тарап шағым түсірді. Ол үкім күшіне енген соң Ақжарқын уәкілетті органдарға өтініш жазса, біз Қытайдың уәкілетті органдарымен жазасын бізде өтеу мәселесін талқылаймыз", - деді Марат Ахметжанов.

Реклама
Реклама

"ҚХР сотының соңғы шешімі шыққанда үкім заңды күшіне енуі қажет. Егер ол қылмыс жасаған болса, ол қылмыс біздің елде де қылмыс болып саналса, Ақжарқынды қалған жазасын елде өтеуі үшін келіссөздер жүргіземіз", - деді Ахметжанов.

Қытай түрмесінде Ақжарқын Тұрлыбай йога мен ағылшын тілін үйретіп жүр

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная