Қытай түрмесінде Ақжарқын Тұрлыбай йога мен ағылшын тілін үйретіп жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақжарқын Тұрлыбай. Сурет: vk.com Ақжарқын Тұрлыбай. Сурет: vk.com

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

22 мамырда Қытайдағы Қазақстан елшілігінің ресми өкілі Ақжарқын Тұрлыбаймен кездесті. Оның айтуынша, қыздың жағдайы жақсы. 

"Бос уақытында ол ағылшын және қытай тілдерінде кітап оқиды. Ол қытай тілін жақсы біледі. Ақжарқын камерадағы әйелдерге ағылшын тілін үйретіп жүр. Оған жақсы қарайды. Сонымен бірге, йоганы да үйретіп жүр. Түрменің қараушылары мен басшыларымен де қарым-қатынасы жақсы. Тәртібі үлгілі. Ол сот шешімін күтіп отыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Түрме жанындағы дүкеннен қалаған азық-түлігін сатып алу үшін қыздың есебіне ақша аударылғаны айтылды. Сонымен бірге, Ақжарқынға ағылшын тіліндегі кітаптар да табысталған. 

Еске салайық, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды. 

Ақжарқын Тұрлыбай сот үкімін бір жыл күтіп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer