Қытайда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс күні белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап.
Қытайда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс күні белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасап.
Қорғаушының сөзінше, Ақжарқынның ісіне қатысты Гуанжоу сотындағы отырыс 2016 жылдың 25 қазанына белгіленді. "Тыңдау өтетіндігі туралы барлық мүдделі тұлғалар құлақтандырылды, қорғаушылар, Тұрлыбайдың туыстары және ҚР ІІМ өкілдері қатысады. Қорғаушы жақ сот қайырымдылық танытады деген үмітте және барлық бей-жай қалмаған жандарға алғыс білдіреді", - деп айта кетті қорғаушы.
Еске салайық, мұның алдында аппеляциялық сот қазақстандық қыздың өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерткен болатын. Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін, оны біреулердің беріп жібергенін айтты.