Ақкөл тұрғындарына лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатқаны ескертілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақкөл тұрғындарына лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатқаны ескертілді Фото © Тұрар Қазанғапов

Ақкөлде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақкөлде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар Tengrinews.kz сайтының Telegram-ботына Ақкөлдегі мектеп аумағында жүрген "қарулы" адамдардың видеосын жіберді. Ақпаратқа қатысты өңір әкімдігі пікір білдірді.

"9 тамызда Ақкөл қаласында облыстық жедел штаб лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізіп жатыр. Осыған байланысты тұрғындардан сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Жаттығу кезінде көліктер қозғалысы ішінара шектелетіні айтылды.

"Жүргізіліп жатқан іс-шараларға және уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауды сұраймыз. Сондай-ақ, тұрғындардың назарына 5 шілдедегі ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети