Бес өзенде су деңгейі көтеріліп Алматыдағы Наурызбай ауданын су басып жатыр. Бұл туралы жергілікті әкім Сайран Сайфеденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бес өзенде су деңгейі көтеріліп Алматыдағы Наурызбай ауданын су басып жатыр. Бұл туралы жергілікті әкім Сайран Сайфеденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауданда екі үлкен өзен бар: Ақсай мен Қарғалы және тағы үш кішкентай өзен. Бірақ ол озендерде су толып жатыр Су таудағы бөктерлерден келіп, Теңісбаев көшесіне дейін жетті. Ол барлық жақтан жиналып жатыр, таулардан, көшелерден. Біз қолымыздан келгенді жасап жатырмыз, бірақ жаңбырды тоқтата алмаймыз ғой. Барлық бригада жұмыс істеп жатыр, мердігерлік ұйымдар да. Таңғы сағат алтыдан бері жүрмін. Бүкіл учаскені аралап шықтым. Қазір қайтып сонда барамын", - деді Сайфеденов.
Сондай-ақ, әкім "Достық" коттедж қалашығындағы үйлердің су астында қалуына қатысты пікір білдірді.
"Өзен арнасын тарылтқан жоқпыз. Су Элебаев көшесінде орналасқан көпірге сыймай, жол бойымен ағып кеткен. Осы аумақта 7 ауланы су басқан. Су "Достық" коттедж қалашығы арқылы өтіп, Райымбек көшесіндегі "Премьера" тұрғын үй кешеніне дейін барған. Қазір жаңбыр толастамай жауып жатыр, су деңгейі де көтеріліп жатыр. Қазіргі уақытта су тасқынын тоқтату мақсатында техника жұмыс істеп жатыр. Бірақ су барлық жерде арнасын шығып, көшелерге жетіп жатыр", - деді Наурызбай ауданының әкімі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда бір түн ішінде жауын-шашынның айлық нормасының үштен бірі түскені жайлы хабарланған болатын. "Алматы қалалық ТЖД, қаланың Құтқару және коммуналдық қызметтері су сору шараларын жүргізіп жатыр. 369 адам ісің жұмылған, 55 дана техника және 24 мотопомпа тартылған", - деген еді қалалық ТЖД өкілдері.