26 қыркүйек 2018 | 15:44

Әкім Бақыт Сұлтанов 7 жасар баланы құтқарған астаналыққа жарты миллион теңге сыйақы берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлап кеткен баланы құтқарып қалған Артем Каревті марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлап кеткен баланы құтқарып қалған Артем Каревті марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала басшысы астаналыққа 500 мың теңгелік сертификат табыс етті. 

"Құрметті Артем Семенович, бұл таңданысқа тұрарлық әрекет. Бұл біздің азаматтарға қоғамға қалай әсер ету керектігінің мысалы. Мен өз атымнан, әкімдік және астаналықтардың атынан сіздің ерлігіңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Біз сізге өзіміздің қордан сыйақы беру туралы шешім шығардық. Әрине мұның барлығы баланың өмірін аман алып қалумен еш теңесе алмайды", - деді Бақыт Сұлтанов Артем Каревке. 

Айта кетейік, Сарыарқа аудандық әкімдігі Артем Каревті марапаттаған еді. Бұл туралы аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметінің өкілі Бибігүл Абыддин Facebook желісінде жариялады. Суреттерте аудан әкімі Арман Тұрлыбектің жеті жасар баланы құтқарып қалған батырмен тілдесіп, теледидар сыйлағанын байқауға болады. 

10-қабаттан құлаған 7 жасар баланы тосып алған Артем Караевтың әрекетін барлығы естіді. Осы ретте Tengrinews.kz тілшілері оқиға орнында болып қайтқан еді.

Баланы бірінші болып сол маңдағы кафенің келушілері байқаған. Куәгерлердің айтуынша, бала сол жерде 20 минуттай уақыт карнизге ілініп тұрып қалған.

"Біз жүгіріп шықтық. Жерге көрпе төсеп қойдық. Себебі 10-қабатқа дейін жүгіріп жету мүмкін болмады. 9-қабатта Артем деген жігіттің бізді көргені жақсы болды. Ол терезеден қолын созды да баланы тосып алды", - дейді жергілікті Пәтер иелері кооперативінің қызметкері Қанат Асқаров.

"Көрпе баланың өмірін құтқарып қалмауы да мүмкін еді. Артемға рақмет, ең бастысы бала аман-есен", - деді Асқаров. Оның айтуынша, мұның барлығы бір сәтте болды.

"Балконға шықтым, терезелер жабық тұр. Ауладан біреулердің жүгіріп айғайлап жүргенін естідім. Жоғары қабатқа қарасам, бала ілініп тұр - менен шамамен 2-3 метр жерде. Терезе алдында тұр, артқа қарай түсе алмай тұр. (...) Қорқып кеттім, сосын қолымды создым, түсіп қалып жүрсе тосып алайын дедім", - дейді Артем.

Ер адамның бұл әрекеті тұрғындарды таңғалдырды.

"Ол жылаған жоқ, үйіме қонаққа келгендей әдеттегідей жүрді. "Далаға серуендеуге шыққым келді" дейді, бірақ мүлде жылаған жоқ", - дейді ол.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Оның айтуынша, кейінірек анасы есінен танып қалған. Ол да бұл жағдайды көзімен көрген, бірақ сол сәтте далада жүргендіктен көмектесе алмапты.

"Үйде жалғыз болдым дейді. Анасы 15 минутқа үйден шығып, есікті құлыптап кеткен екен. Іші пысқан соң, ол далаға шығып, серуендегісі келген. Ол бәтеңкесін, баскиімін және күртесін киіп алған. Маса үйге кірмеуі үшін жасалған торды пышақпен кесіп, төмен қарай түсе бастағанда ілініп қалған. Мен балконға шыққанда оның көмектесіңіздер деген дауысын естідім. Өзім де аң-таң болып қалдым. Ыңғайланып тұрдым да, дер кезінде құтқарып қалдым", - дейді Артем Карев.

Еске сала кетейік, кеше ер адамның 10-қабаттан құлаған баланы тосып алғаны жайлы хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети