Әкім көптеген шағымнан кейін тұрғындармен автобусқа отырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Ақтөбе әкімі Азамат Бекет қоғамдық көліктер жұмысына қатысты көптеген шағымдардан кейін жұмысты тексеруге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе әкімі Азамат Бекет қоғамдық көліктер жұмысына қатысты көптеген шағымдардан кейін жұмысты тексеруге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жағдайды көзбен көру үшін Азамат Бекет бірқатар автобустарға отырып, кешкі уақытта жұмыстан қайтқан жолаушылармен сөйлескен.

Соның ішінде бүгін шығуы тиіс 12 автобустан тек қана 4 автобус шығарып отырған "Автопарктің" №22 маршрутына отырды. Ескі автобустың саны ғана емес, сапасы да сын көтермейді.

"Жұмыстан, оқудан кешігеміз, автобус аз дейтін біздің тұрғындарды жақсы түсінемін. "Автопарк" пен "Табыс Ақтөбенің" жұмысына сұрақ көп. Халықтың оларға талабы дұрыс. Субсидия төлеуден бізде мәселе жоқ. Күн сайын бақылап отырмын. Конкурсқа қатысып, қызмет түрін ұтып алған соң, автобустармен толық қамтулары тиіс", - деді Азамат Бекет.

"Автопарк" ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов қала әкіміне жағдайды түзеу үшін жаңа автобустарға тапсырыс берілгенін айтты. Қаңтарда 30 және 2024 жылдың соңына дейін 70 автобус әкелінетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer