Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жоғалтты - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жоғалтты - Тоқаев Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын дұрыс пайдаланбайтын әкімдерді сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын дұрыс пайдаланбайтын әкімдерді сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұрақтандыру қорларының қызметі тиімділігі төмен болып отыр. Олардың нарыққа әсері аз. Кейде олар жосықсыз адамдарға жем болады. Мұны түсіну керек. Бюджеттік жымқыру фактілері үнемі анықталып жатыр. Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жоғалтты.

Үкімет "айналым схемасының" көлемін 100 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынып отыр. Менде бір сұрақ бар. Күтілетін нәтиже есептелді ме? Бөлшек сауда желілеріне емес, тікелей өндірушілерге несие беру қисынды болар еді. Қазір Үкіметтің жауабын күтпеймін. Тиімділік тұрғысынан түпкілікті шешім туралы ойлану керек", - деді Президент Үкімет отырысында.

Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети