Әкімдер сайлауы және бәріне қарсы дауыс: Парламент заң қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Сенат депутаттары "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдер сайлауын енгізу және барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдер сайлауын енгізу және барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасының мақсаты аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімін тікелей сайлауды енгізу. Заң жобасының негізгі міндеттері: сайлау жүйесін жетілдіру; жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту; Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін төмендету.

Өзгерістер:

  • аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне үмткерлік ұсыну: өзін-өзі ұсыну тәртібі (тиісті қалада немесе ауылдық округте тұратын сайлаушылардың кемінде бір пайызының қолдау үшін қол жинау арқылы); саяси партияларда өз мүшелері арасынан; егер ұсыну мерзімінің соңында екіден кем үміткер ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі үміткер ұсынады.
  • үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан азаматы; жасы - 25 жастан кіші емес; осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптары; барлық мемлекеттік қызметкер үшін жалпы шектеулер, мысалы, соттылық, жұмысқа қабілетсіздік;
  • үміткердің заңнамада белгіленген ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі;
  • сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау науқанының мерзімі 30 күн;
  • ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады; Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7-ден 5 пайызына дейін төмендету жөнінде нормалар енгізу.
  • барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне "бәріне қарсы" бағанын енгізу.

Сенат қабылдаған Заң Президент Әкімшілігіне жіберіледі. Ол ел Президенті қол қойғаннан және ресми жарияланғаннан кейін ғана қабылданған болып саналады.

Бұған дейін ел Президенті әкімдер сайлауы 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.

2021 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "бәріне қарсы" бағанын енгізуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro