Әкімдік бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының сатылуына наразы алматылықтарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының сатылуына наразы алматылықтарға жауап берді © Krisha.kz

Әкімдік бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының сатылуына наразы алматылықтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сәулет басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының сатылуына наразы алматылықтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сәулет басқармасына сілтеме жасап.

Krisha.kz сайтында 1950 жылы салынған ауданы 1770 шаршы метр бұрынғы "Қазақстан" кинотеатры ғимаратының сатылатыны туралы хабарландыру пайда болды. Бағасы - 820 миллион теңге көрсетілген. Ал қала тұрғындары тарихи ғимаратты сатуға наразы болды.

Әкімдік өкілдері Сейфуллин даңғылы, 519 (бұрынғы "Қазақстан" кинотеатры) мекенжайындағы ғимараттың меншік иесі "Жаңа Тұрмыс Строй" ЖШС екенін хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Сондай-ақ, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" туралы Қазақстан заңына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алынған немесе иеленуге, пайдалануға берілген жер учаскелерін қала құрылысы регламенттері, сервитуттар немесе өзге де нормативтік талаптар, шарттар, шектеулер шегінде пайдалануға құқылы", - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының ғимараты Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне кірмейтіні хабарланды. Осыған байланысты "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану" туралы ҚР заңына сәйкес ғимаратты пайдалануға қандай да бір шектеулер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети