Әкімдік экс-мәжілісмен Мәди Ахметовтің жаңа лауазымға тағайындалуына қатысты сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік экс-мәжілісмен Мәди Ахметовтің жаңа лауазымға тағайындалуына қатысты сұраққа жауап берді Сурет: instagram.com/madi_akhmet

Әлеуметтік желіде Мәжілістің бұрынғы депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымына тағайындалуына дайындалып жатқаны туралы ақпарата тарады. Tengrinews.kz тілшісі бұл ақпаратқа қатысты әкімдіктің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл позицияға орын бар. Алайда кандидаттар туралы әлі ақпарат жоқ. Бұрынғы мәжілісменнің жаңа лауазымға тағайындалғаны туралы ақпарат расталмады.

"Қазір бұл дерек расталмайды", - деп жауап берді әкімдік өкілдері.

Тілші бұл сұрақты Ахметовтің өзінен білуге тырысты, алайда материалды дайындау кезінде экс-депутат сұрауға жауап бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети