Әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды.

Аталған жәйт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады. Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген", - делінген хабарламада.

17.04.2024 жылғы сот үкімі бойынша, кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі ("Сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру") бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни 14 жасқа толғанға дейін шегерілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro