13 қаңтар 2015 | 14:11

Әкімдік ғимаратында қамалып алған ер адам полицияға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің өкілдері шұғыл брифингте әкімдік ғимаратындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таңнан бастап полицейлер ғимаратты қоршауға алған еді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің өкілдері шұғыл брифингте әкімдік ғимаратындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таңнан бастап полицейлер ғимаратты қоршауға алған еді.

"Бүгін 13 қаңтарда жергілікті уақытпен 11.27-де әкімдік ғимаратына ер адам кіріп, ішінен қамалып алды, осы уақыт бойы ол ешқандай талап айтпады, онымен келіссөздер жүргізілді, оның нәтижесінде 13.35-те ер адам сыртқа шығып, полицейлерге берілді. Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды, ер адамның не үшін мұндай қадамға барғаны анықталып жатыр, ер адам соттың 2008 жылы шығарған шешімімен келіспейді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жарылғыш зат туралы мәлімет расталмады. Алғашқы тергеу шаралары өткізіліп жатыр", - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол ер адамның аты-жөні анықталып жатқанын айтып өтті. Осыған дейін Республика алаңының алдындағы кеңселерден қызметкерлердің эвакуацияланғаны хабарланған еді. Республика алаңында ірі БАҚ-тардың редакциялары орналасқан - "НТК", "КТК", "Еуразия бірінші арнасы" және тағы да басқа кеңселер. Қазіргі уақытта редакция қызметкерлері өз жұмыс орындарына оралды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети