Алматы әкімдігі Jah Khalib-тің (Бахтияр Мамедов) сұхбатында шағымын айтқан тұрғынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі Jah Khalib-тің (Бахтияр Мамедов) сұхбатында шағымын айтқан тұрғынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әншінің балалық шағы мен жастық шағы өткен Алматыдағы аулалардың біріндегі түсірілім кезінде, жергілікті тұрғын түсірілімді бөліп, Шевченко мен Мұқанов қиылысындағы өзі тұратын тұрғын үй ауласындағы проблемаларды айта бастайды.
Ол ойын алаңындағы құрылысты әкімдік әлі аяқтамағанын айтып, шағымданды.
"Жұмыстың бәрін аятамай тастап кетті, міне шілде де аяқталды. Алаңға жаттығу жасайтын құрылғылар әкелуі керек болатын. Біз өтініш бердік, әкімдік мақұлдады. Нәтижесінде не болды? Олар келіп, жерді қазды да тастап кетті. Содан бері келген жоқ", - деп шағымданады тұрғын.
Алмалы ауданы әкімдігі жағдайқа қатысты пікір білдірді. Әкімдік мәліметінше, жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр: жаттығу алаңы мен теннис үстелін жабдықтау.
"Жұмыстың негізгі бөлігі аяқталды. Бүгінде алаңға тағы 2 құрылғы орнатылады, кейін алаң тегістеледі және жарықтандыру жүргізіледі. Сонымен жұмыс аяқталады. Жұмыс 2021 жылы тамыздың соңына дейін аяқталады деп күтіледі", - деді департаменттегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!