Әкімдік кәсіпкермен келісімшартты заңсыз бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік кәсіпкермен келісімшартты заңсыз бұзған Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысының әкімдігі құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған келісімшартты біржақты тәртіппен бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының әкімдігі құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған келісімшартты біржақты тәртіппен бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметіне талдау жүргізді. Әкімдік пен компаниялардың бірі арасында Бұқар Жырау ауданында құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге келісімшарт жасалғаны белгілі болды. Алайда кейінірек әкімдік бұл келісімшартты біржақты тәртіппен бұзды", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Кәсіпкер екі жыл бойы жергілікті биліктің бұл шешімін жоюға тырысты. Ақырында, қадағалау органы әкімдіктің әрекеттерінің заңсыздығы туралы қорытындыға келді. Прокурорлардың мәліметінше, шартты бұзудың заңмен белгіленген рәсімдері сақталмаған.

Прокуратура әкімдіктің заңсыз әрекеттеріне наразылық білдірді, іс қанағаттандырылды. Нәтижесінде келісімшартты тоқтату туралы бұйрық жойылып, кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети